Энергетика министрлігі «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елдегі энергетика нысандарының қазіргі жай-күйіне кешенді бағалау жүргізді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Министрлік мамандары технологиялық процестерді басқару жүйелерінің цифрлық деңгейін талдап, саладағы технологиялық және ақпараттық тәуекелдерді анықтады. Осы бағалау нәтижесінде жасанды интеллектті (ЖИ) қолдана отырып, энергетика саласын дамыту бағыттары нақтыланды.
Жасанды интеллект негізінде энергетикалық нысандардың технологиялық параметрлерін зияткерлік мониторинг жасайды. Сонымен қатар құрал-жабдықтардың істен шығуын алдын ала болжау, жұмыс режимдерін оңтайландыру және энергиямен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа диспетчерлік басқару және киберқауіпсіздік жүйелеріне үлкен деректерді талдайды. Сондай-ақ, машиналық оқыту алгоритмдерін енгізу жолдары да қарастырылған.
Бағалау жұмыстарының нәтижесінде энергетика саласының басқару жүйелерін жаңғыртуға қатысты бірыңғай техникалық талаптар дайындалмақ. Алдағы уақытта елдегі энергетика кешеніне зияткерлік шешімдерді енгізу жоспарланып отыр.
Жобаны толық іске асыру нәтижесінде энергетикалық нысандардағы апаттық жағдайлар азайады деп күтілуде. Жабдықтардың пайдалану тиімділігі артады, сондай-ақ саланың цифрлық инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде.
Қазақстан мұнай өңдеу саласын дамытуды одан әрі күшейтіп, отын нарығындағы тәуелсіздігін арттыруға бағытталған ірі жобаларды қолға алды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

