Қазақстан мен Моңғолия арасында зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 29 қазанда Ұлан-Батор қаласында қол қойылған Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.
Аталған құжат Қазақстан мен Моңғолия азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғап, екі ел арасындағы әлеуметтік кепілдіктерді арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, осы келісімнің орындалуы халықаралық әріптестікті нығайтып, екі мемлекеттің өзара сенімін күшейтуге септігін тигізбек.
Келісімнің маңызды тұсы енді Қазақстан мен Моңғолия азаматтары басқа елге көшкен жағдайда екі елдегі еңбек өтілі толықтай мойындалып, зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынатын болады.
Одан бөлек, Моңғолияға қоныс аударған Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын жаңа мекенжайына аударып ала алады.
Екі елдің азаматтарына зейнетақы тағайындау және оны төлеу тұратын елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осылайша, Қазақстан мен Моңғолия арасында жасалған бұл келісім мыңдаған адамның әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етіп, шетелдегі қандастарымызға да айтарлықтай жеңілдік жасамақ.
2026 жылдың наурыз айы халық үшін ерекше жомарт болып, бірнеше ұзақ демалыс күндерін сыйлайды. Оны осы жерден білесіз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

