Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың қысқы Олимпиададағы тарихи жеңісі әлемдік спорт қауымдастығында үлкен жаңалыққа айналды. Олимпиададан кейін Халықаралық конькишілер одағы (ISU) өз рейтингін жаңартып, Михаил әлемнің үздік үш спортшысының қатарынан табылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жаңартылған рейтинг бойынша Михаил Шайдоров 4961 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Бұл Қазақстан мәнерлеп сырғанау спортының тарихындағы бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Әлемдік рейтингтің бірінші орнында әйгілі америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин 5410 ұпаймен тұрса, екінші орынға жапониялық Юма Кагияма 5096 ұпаймен жайғасқан.
Михаил Шайдоровтың бұл жетістігіел спортының жеңісі. Олимпиадада көрсеткен өнері оның әлемдік деңгейдегі жұлдыз ретінде танылуына мүмкіндік берді. Спорт мамандары мен сарапшылар Михаилдің техникалық элементтерді орындау шеберлігіне, музыканы терең сезінуі мен күрделі бағдарлама таңдағанына ерекше назар аударып, жоғары бағасын берді.
Қазақстанның бұл жеңісі мәнерлеп сырғанау спорты үшін жаңа кезеңнің бастауы. Михаил Шайдоров секілді спортшылардың әлемдік деңгейде мойындалуы елімізде осы спорт түрінің жанданып, жас буын арасында танымалдығының артуына ықпал ететіні анық.
Мемлекет тарапынан да спортшының еңбегі лайықты бағаланды. Олимпиадада алған алтын медалі үшін Михаил Шайдоровқа Қазақстан Үкіметі тарапынан 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалғаны белгілі болды. Сонымен қатар ел спортына қосқан үлесі үшін оған Қазақстан Республикасының II дәрежелі «Барыс» ордені табысталмақ.
Михаилдің жетістігі оның ғана емес, бүкіл Қазақстан спортшыларының үлкен шабытпен, сеніммен алға қадам басуына жол ашты. Оның бұл жеңісі – отандық мәнерлеп сырғанаудың дамуына жаңа серпін беретін тарихи оқиға. Сарапшылар Шайдоровтың болашақта әлем чемпионаттарында да жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндігі зор екенін атап өтуде.
Бұл – жас спортшының алғашқы ірі жеңістерінің бірі ғана. Алдағы уақытта Михаил Шайдоров әлемдік спорт ареналарында ел намысын әлі талай рет абыроймен қорғайтынына сенім мол.
Болат Әбілов «1999 жылы серіктестерімізбен бірге «Рамстор» сауда-ойын-сауық орталығын ашқанда Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін жабық мұз айдыны мүлде болмаған еді» деп ойын ортаға салды. Ол Шайдоровты жеңісімен құттықтады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

