8 сәуірде еліміздің оңтүстік аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Солтүстік және орталық өңірлерде ауа райы құбылмалы, тұман түседі. Батыс пен шығыста күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астана қаласында бұлтты, күндіз найзағайлы жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Түнде 3–5 градус жылы, күндіз 15–17 градус аралығында.
Алматыда күн райы жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы секундына 13 метрге дейін күшеюі ықтимал. Ауа температурасы түнде 11–13 градус, күндіз 22–24 градус жылы болады.
Шымкентте ауа райы тұрақсыз, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде 10–12 градус жылы, күндіз 15–17 градус болады.
Түркістан қаласында да ауа райы Шымкенттегідей құбылмалы. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы – 15–20 м/с. Түнде ауа температурасы 10–12 градус, күндіз 16–18 градус аралығында.
Қонаев қаласында күн ашық, жауын-шашын болжанбаған. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 9–11 градус, күндіз 22–24 градус жылы болады.
Талдықорғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 5–10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 4–6 градус жылы, күндіз 25–27 градусқа дейін көтеріледі.
Қызылордада күн райы жауын-шашынды, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 8–13 м/с. Түнде 11–13 градус, күндіз 17–19 градус жылы болады.
Таразда жаңбыр жауып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні – 15–20 м/с. Түнде температура 10–12 градус, күндіз 14–16 градус аралығында сақталады.
Ақтауда ауа райы ашық, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы – 3–8 м/с. Түнде 7–9 градус жылы, күндіз 16–18 градус жылы болады.
Атырауда жауын-шашынсыз күн болжанған. Жел оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Түнде 7–9 градус, күндіз 17–19 градус жылы болады.
Оралда күн ашық, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел жылдамдығы 9–14 м/с. Температура түнде 3–5 градус, күндіз 15–17 градус аралығында.
Ақтөбеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 2–4 градус, күндіз 17–19 градус жылы болады.
Қарағандыда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел жылдамдығы күндіз 7–12 м/с. Түнде 7–9 градус, күндіз 16–18 градус жылы болады.
Жаңбыр жауады
Жезқазғанда күн райы жауын-шашынды, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз 5–10 м/с. Түнде 10–12 градус, күндіз 16–18 градус жылы болады.
Қостанайда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел бағыты оңтүстік-батыстан шығысқа ауысады, 5–10 м/с. Температура түнде 2–4 градус, күндіз 16–18 градус аралығында.
Көкшетауда түнде қар аралас жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 0–2 градус, күндіз 15–17 градус жылы.
Петропавлда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде 1–3 градус, күндіз 12–14 градус жылы болады.
Павлодарда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, күндіз екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Түнде 4–6 градус, күндіз 16–18 градус жылы.
Семейде ауа райы ашық, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел жылдамдығы түнде 0–5 м/с, күндіз 4–9 м/с. Түнде 1–3 градус, күндіз 18–20 градус жылы болады.
Өскеменде күн райы ашық, түнде және таңертең тұман болжануда. Жел жылдамдығы түнде 0–5 м/с, күндіз 2–7 м/с. Түнде 0–2 градус, күндіз 16–18 градус жылы болады.
Қазақстанда жастар арасында «жалақыға дейінгі қарыз» деп аталатын қысқа мерзімді несиелерге сұраныс күрт артып, орташа қарыз алушының жасы төмендей бастады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







