1 наурыз көктемнің алғашқы күні еліміздің көп бөлігінде қыс қаһары қайта қоймайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді. Батыста жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Тек солтүстік және орталық аймақтарда жауын-шашын күтілмейді.
Астанада ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Түнде температура −30–32 °C дейін төмендеп, күндіз −12–14 °C суық болады.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман түсіп, жолда көктайғақ болуы ықтимал. Температура түнде −11–13 °C, күндіз −3–5 °C.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді, түнде тұман басады. Түнгі уақытта −2–4 °C суық болса, күндіз ауа +10–12 °C дейін жылынады.
Айта кетелік, 1 наурыздан бастап бірнеше маңызды заңнамалық өзгеріс күшіне енеді. Олар салықтан басттап, банк қызметі, отбасы құқығы, медицина және қоғам өміріндегі өзге де бағыттарға қатысты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







