Қазақстан бойынша 24 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Синоптиктердің айтуынша, сейсенбі күні еліміздің солтүстік өңірлерінде күн бұлтты болып, кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі ықтимал. Батыста жауын-шашын күтілмейді, алайда кей жерлерде тұман болады. Шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып, тұман түседі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қалалар бойынша ауа райы болжамы:
Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ сақталады. Батыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с болады. Түнде -5…-7 градус суық, күндіз +5…+7 градус жылы.
Алматыда жаңбыр, кей уақытта қатты жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8 м/с, екпіні 15 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +6…+8 градус, күндіз +14…+16 градус жылы.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с күшейеді. Түнде +8…+10 градус жылы болса, күндіз +20…+22 градус жылы болады.
Түркістанда ауа райы ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде ауа температурасы +8…+10 градус, күндіз +20…+22 градус жылы.
Қонаевта түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5…+7 градус жылы, күндіз +14…+16 градус.
Талдықорғанда түнде және таңертең жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +5…+7 градус жылы, күндіз +14…+16 градус жылы.
Қызылордада күн ашық, ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде +6…+8 градус, күндіз +23…+25 градус жылы.
Таразда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта тұман түседі. Желдің күші солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с күшейеді. Түнде ауа температурасы +6…+8 градус, күндіз +16…+18 градус жылы.
Ақтауда түнде жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, 5-10 м/с болады. Түнде +9…+11 градус жылы, күндіз +17…+19 градус жылы.
Атырауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +5…+7 градус, күндіз +22…+24 градус жылы.
Оралда жауын-шашын болмайды, көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел 7-12 м/с соғады. Түнде ауа температурасы +1…+3 градус, күндіз +8…+10 градус жылы.
Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан жел 7-12 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз +11…+13 градус жылы.
Күн бұлытты
Қарағандыда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Кей уақытта тұман түседі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде -3…-5 градус суық, күндіз +2…+4 градус жылы.
Жезқазғанда ауа райы ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, 4-9 м/с болады. Түнде 0…-2 градус суық, күндіз +11…+13 градус жылы.
Қостанайда жауын-шашын болмайды, кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел 3-8 м/с соғады. Түнде -4…-6 градус суық, күндіз +5…+7 градус жылы.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыстан жел 9-14 м/с соғады. Түнде -1…-3 градус суық, күндіз +5…+7 градус жылы.
Петропавлда жауын-шашын болмайды, кей уақытта тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел 9-14 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -2…-4 градус суық, күндіз +5…+7 градус жылы.
Павлодарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ сақталады. Батыстан жел 9-14 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -2…-4 градус, күндіз +3…+5 градус жылы.
Семейде таңертең және күндіз жаңбыр жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің бағыты солтүстік-батыстан, 7-12 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -1…-3 градус, күндіз +4…+6 градус жылы.
Өскеменде таңертең және күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 15-18 м/с болады. Түнде 0…-2 градус суық, күндіз +2…+4 градус жылы.
Сыртта тамақ дайындау мәдениеті қайта жанданып келеді. Соның ішінде кірпіштен қаланған, ағаш отымен жұмыс істейтін пештер ерекше сұранысқа ие бола бастады. Бұл тек ас әзірлейтін құрал емес, отбасы мен достарды біріктіретін ерекше кеңістікке айналып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







