Әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты авиакеросиннің бағасы айтарлықтай көтеріліп, бұл өз кезегінде туристік турлардың қымбаттауына себеп болып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазақстандық туроператорлардың мәліметінше, әуе компаниялары жанармай бағасының өсуіне байланысты әрбір жолаушыдан 40-48 доллар көлемінде қосымша төлем талап ете бастаған. Бұл, әсіресе, толық төленбеген туристік турларға қатысты.
– Әуе компаниялары бұл қосымша төлемді авиакеросиннің қымбаттауымен түсіндіреді. Егер клиент турдың ақысын толық төлеген болса, онда оған ешқандай қосымша төлем салынбайды, – дейді турфирма басшысы Севара Шаюнусова.
«Туристік Қамқор» қорының басшысы Инна Рей де бұл жағдайдың себептері әлемдік нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты деп отыр. Оның пікірінше, авиакомпаниялардың қосымша төлем енгізуі – заңды әрі қажетті шара.
– Егер қосымша төлемдерді қолдануға мүмкіндік берілмесе, тасымалдаушылар ұшудан бас тартуы мүмкін. Сондықтан бұл төлемдер – бизнестің жұмысын тұрақты қамтамасыз етудің амалы. Бұрын да дәл осындай жағдайларда жанармай төлемдері көп мәселенің шешімі болған, – деді Инна Рей.
Экономист Арман Байғановтың айтуынша, Таяу Шығыстағы тұрақсыздық пен геосаяси шиеленістер мұнай мен авиакеросин бағасына тікелей әсер етуде. Наурыз айында авиакеросиннің бір баррелі 125 долларға дейін көтерілген. Бұған дейін бұл баға 85-95 доллар деңгейінде еді.
Энергетика саласының маманы Ануар Қожабеков та бағаның өсуін жанармай жеткізу тізбегінің бұзылуымен байланыстырады. Оның пікірінше, дағдарыс шешіліп, мұнай жеткізілімдері тұрақталса, баға төмендеуі ықтимал.
Қаржы кеңесшісі Арман Байғанов та АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс бәсеңдеген жағдайда бағаның қалыпқа келуі мүмкін екенін айтады. Дегенмен, бұл жағдайда теңге бағамының әлсіреп, доллар құны 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертеді.
– Егер ұлттық валюта әлсіресе, туристердің шетелге сапарлауы қиындайды. Турлардың барлығы доллармен есептеледі. Сондықтан халықтың сатып алу мүмкіндігі төмендеп, туристік сапарлар қымбаттайды, – дейді ол.
Сарапшылардың пайымдауынша, қазіргі басты міндет – әлемдік мұнай жеткізілімдерінің тұрақтылығын сақтау және туристердің төлем қабілетін ескере отырып, баға саясатын үйлестіру. Әзірге авиакомпаниялар мен туроператорларға икемділік танытуға тура келеді.
Kaspi.kz танымал финтех-сервисі мобильді қосымшаға қатысты қатаң шектеулер енгізді. Бұдан былай жүйеде тек қазақстандық телефон нөмірімен тіркелуге болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







