Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су ресурстарының әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында жаңа үш шағын гидроэлектр станциясын салуды жоспарлап отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Министрліктің мәліметінше, Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында жаңа гидроэлектр станцияларының құрылысы басталады. Қазіргі уақытта осы үш нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Министрлік алдағы уақытта тағы бес нысан бойынша жобалау жұмыстары жоспарланғанын хабарлады. Олардың үшеуі жеке инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылады деп күтілуде.
Бұл жұмыстар былтыр қыркүйекте қабылданған «Қазсушар» РМК гидротехникалық құрылыстарында шағын ГЭС-терді дамыту жөніндегі жол картасы аясында жүргізілуде. Қазірдің өзінде шағын ГЭС орнатуға қолайлы 29 нысан анықталған.
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, «Қазсушар» РМК гидротехникалық құрылыстарындағы шағын ГЭС-тердің жалпы электр қуаты жылына 30 МВт-қа жетеді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, министрлік қарамағында қазірдің өзінде үш шағын гидроэлектр станциясы жұмыс істейді. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа жобалар елдегі электр энергиясына деген сұранысты ішінара қанағаттандырып қана қоймай, жасыл экономиканы дамытуға да айтарлықтай үлес қосады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның экологиялық және энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық қадам болып табылады.
А-рамкалы үйлер көбіне ағаштан салынады және олар табиғатпен үйлесімді көрінеді. Олардың дизайны ерекше, сондықтан көбіне демалыс орындарында, шағын саяжайларда, тау шатқалдарында жиі қолданылады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







