Алдағы күндері Қазақстанның барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болып, циклон мен антициклондардың жиі ауысуынан жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Батыс пен оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық облыстарда түнде қар аралас жаңбыр жауса, күндіз жаңбырға ұласады. 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауады деп болжануда. Сол күні батыста күшті жаңбыр мен бұршақ күтілуде. Елдің басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін.
Бұған дейін синоптиктер сәуір айының қалыпты нормадан бір градус жылы болатынын, бірақ ауа температурасының күрт өзгеруі жиі қайталанатынын ескерткен еді. Солтүстікте ауа температурасы түнде −10 °C-қа дейін төмендесе, оңтүстікте +33 °C-қа дейін ыстық болуы ықтимал. Алматыда желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, ал Шымкентте шаңды дауыл соғу қаупі бар.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







