Қазақстанда алдағы күндері қатты аяз күтілуде. Елдің кей өңірлерінде түнгі температура -40 градусқа дейін төмендейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан келген арктикалық антициклон әсерінен суық ауа райы орнайды. Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде аяз күшейіп, күн қатты суытады.
Шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 32-40 градусқа дейін, орталық облыстарда 28-37 градусқа дейін төмендейді. Батыс өңірлерде түнгі уақытта 15-25 градус аяз күтіледі.
Ал оңтүстікте ауа райы біршама жылы болғанымен, мұнда жаңбыр мен қар аралас жауып, көктайғақ пен тұман болады деп болжанған.
Ауа райының нашарлауына байланысты елдегі автожолдардың кей учаскелерінде қозғалыс уақытша тоқтатылды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерге жолға шығарда жағдайды алдын ала тексеріп, сапарларын жоспарлап алуға кеңес берді.
25 ақпанға арналған өңірлердегі ауа райы:
- Астанада жауын-шашынсыз, түнде -28-30, күндіз -13-15 градус.
- Алматыда күн бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауады. Түнде -4-6, күндіз +2+4 градус.
- Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде +4+6, күндіз +17+19 градус.
- Қонаевта күн бұлтты, қар мен жаңбыр аралас. Түнде -5-7, күндіз +2+4 градус.
- Түркістанда күн бұлтты, жаңбыр жауады, түнде +1+3, күндіз +11+13 градус.
- Қызылордада қар мен жаңбыр, көктайғақ, боран болады, түнде -3-5, күндіз 0-2 градус.
- Таразда түнде қар, көктайғақ күтіледі. Түнде -3-5, күндіз +3+5 градус.
- Ақтауда жауын-шашынсыз, түнде 0 градус, күндіз +3+5 градус.
- Атырауда түнде -6-8, күндіз -1+1 градус.
- Оралда жауын-шашынсыз, түнде тұман, түнде -16-18, күндіз -5-7 градус.
- Ақтөбеде ашық, түнде -17-19, күндіз -7-9 градус.
- Қарағандыда түнде -23-25, күндіз -12-14 градус.
- Жезқазғанда күн ашық, түнде -14-16, күндіз -4-6 градус.
- Көкшетауда түнде -24-26, күндіз -12-14 градус.
- Қостанайда жауын-шашынсыз, түнде -24-26, күндіз -12-14 градус.
- Петропавлда түнде аздаған қар жауады, түнде -24-26, күндіз -17-19 градус.
- Павлодарда аяз қатты, түнде -35-37, күндіз -24-26 градус.
- Семей мен Өскеменде жауын-шашынсыз, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман. Семейде түнде -30-32, күндіз -20-22 градус, Өскеменде түнде -30-32, күндіз -23-25 градус суық болады.
Барлық өңірде дерлік дауылды ескерту жарияланып, тұрғындарға алыс жолға шықпау ұсынылды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

