Ленинград облысындағы Усть-Луга кентінде қазақстандық жұмысшылар қатысқан жанжалға қатысты жағдай толық реттелді. Бұл туралы Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Адам Делимханов Қазақстанның Бас консулымен және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуден кейін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Оның айтуынша, болған жағдай тұрмыстық сипаттағы жанжал болған және оның ұлттық не этносаралық астары жоқ. Делимханов осы мәселеге қатысты түрлі алыпқашпа әңгіме мен арандатуға жол бермеуге шақырды.
– Қазақ халқы бізге бауыр халық. Бізді көп жылдан бергі достық пен жылы қарым-қатынас байланыстырады. Осындай тұрмыстық жағдайларды ұлтаралық қақтығыс ретінде көрсетуге ешкімге жол бермейміз. Екі халықтың арасына іріткі салуға бағытталған кез келген әрекетті тоқтатамыз, – деді Адам Делимханов.
Депутаттың сөзінше, мәселе толық бақылауға алынған. Оқиғаға қатысы бар тараптардың барлығы тыңдалған, ал жанжал толығымен шешілген.
– Біз болған жағдайды жан-жақты қарастырдық. Қазір сенімді түрде «мәселе жабық» деп айтуға болады. Тараптардың бір-біріне қояр талабы жоқ, – деді ол.
Жағдайдың тұрақтанғанын сол жерде жүрген жұмысшылардың өздері де растады. Компания прорабы Саурбек Бекжанов қақтығыс кезінде ешкімнің ауыр жарақат алмағанын айтты. Оның мәліметінше, Қазақстан азаматтарының құқығын қорғау үшін кентке Қазақстан елшілігі мен Бас консулдық өкілдері жедел жеткен.
Жұмысшылардың айтуынша, барлық мәселе заң аясында шешіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиға толықтай реттелген, адамдар әдеттегі жұмыс тәртібіне қайта кіріскен.
Еске салсақ, 2026 жылғы 26 наурызда Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде тұрмыстық жанжал болған еді. Оған Қазақстан азаматтары да қатысқан.
Сәуірден бастап коммуналдық қызмет нарығы қайтадан қалыпты режимге көшеді. Былтыр күзде енгізілген тариф өсіміне қойылған шектеу алынып тасталмақ. Соның нәтижесінде коммуналдық кәсіпорындар бағаны қайта қарау мүмкіндігіне ие болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







