Қонаев қаласында көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба басталды. Кешенді даму жоспары аясында М.Әуезов көшесін күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып, бұл аумақ алдағы уақытта қаланың негізгі көлік бағыттарының біріне айналмақ, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жобаға сәйкес, қазір екі жолақты болып тұрған көше төрт жолаққа дейін кеңейтіледі. Көшенің жалпы ұзындығы 1,2 шақырым болса, ені 14 метрге жетеді. Мұнымен бірге жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынып, қала келбетіне сай орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Сондай-ақ көше жарығы жаңартылып, «Шошқалы сай» арнасының үстінен автомобиль көпірі салынады.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Әлиевтің айтуынша, құрылыс жұмыстарын 9 ай ішінде аяқтау жоспарланған. Оның сөзінше, аталған көше алдағы уақытта Қонаевтағы негізгі көлік артерияларының біріне айналады. Әсіресе шомылу маусымы кезінде қалада жиі байқалатын көлік кептелісін азайтуда осы жобаның рөлі үлкен болмақ.
«Шомылу маусымында қалада көлік жүктемесі күрт артады. Сол себепті М.Әуезов көшесін кеңейту қозғалысты реттеуге, кептелісті азайтуға және көлік қатынасын әлдеқайда ыңғайлы етуге мүмкіндік береді», – деді Бағдат Әлиев.
Қаладағы жаңғырту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Кешенді даму жоспары аясында алдағы кезеңде Алматы және Абай көшелерін де күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Қазір бұл көшелер бойынша жобалық құжаттар дайындалып, таяу уақытта мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.
Сонымен қатар Қонаевта жол инфрақұрылымын қалыпқа келтіруге бағытталған күнделікті жұмыстар да жалғасып жатыр. Қала ішінде шұңқырларды жамау, ағымдағы жөндеу және жол сапасын жақсарту шаралары қатар жүргізілуде.
Айта кету керек, өткен жылы Қарлығаш шағынауданында жолдарды жаңғырту жұмыстары басталған еді. Ол жоба биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Осылайша Қонаевта жол мәселесін кезең-кезеңімен шешуге бағытталған нақты жұмыс жүріп жатыр. Бұл тек асфальт төсеу емес, қаланың көлік логистикасын қайта құруға жасалған қадам.
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







