Айға ұшып бара жатқан «Орион» ғарыш кемесінде құны 23 миллион доллар тұратын дәртхана бұзылып қалды, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Артемида-2» миссиясы басталған соң көп ұзамай, үш ер адам мен бір әйелден құралған экипаж борттағы әжетхананың істен шыққанын хабарлаған. NASA әкімшісінің орынбасары Амит Кшатрия бұл ақпаратты бүгін таңертең ресми түрде растады.
Әңгіме ғарыш тарихындағы ең қымбат әжетхана туралы болып отыр. Оны әзірлеу құны шамамен 23 миллион долларды құраған. 3D-принтер арқылы титаннан жасалған әжетхана – вакуумдық жүйелердің соңғы үлгісі. Оның алғашқы түрлерін ғалымдар 1980 жылдардан бастап дамыта бастаған еді.
Оған дейін ғарышкерлер арнайы пакеттерді пайдаланған болатын. Салмақсыздық жағдайында бұл міндеттің оңайға соқпағаны белгілі. Мәселен, 1969 жылы «Аполлон-10» миссиясында астронавт Том Стаффорд экипажға: «Тезірек, маған майлық беріңдер, мұнда қалдықтар ұшып жүр!» деп дауыстаған екен.
1972 жылы Айға ұшқан «Аполлон-16» миссиясының астронавты Кен Маттингли де бұл мәселенің ыңғайсыз тұстарын еске алған. Ол өз тәжірибесінде бір пакетті алдыңғы жағына, екіншісін артқы жағына жабыстырып, үшінші пакеттен сусын ішкен кезін баяндаған. «Мен негізі Марсқа алғаш болып ұшуды армандаған едім, бірақ «Аполлонмен» ұшатын болсақ, ол ойымнан бас тартамын», – деген еді астронавт өз естелігінде.
«Аполлон» бағдарламасы аяқталғаннан кейін NASA басшылығы шығарған есепте ғарышкерлер қалдықтарды жою жүйесіне «төмен баға» бергені жазылған. Осыдан кейін салмақсыздық жағдайындағы әжетхана мәселесін шешуге нақты қадам жасалды. Ал «Орион» ғарыш кемесіндегі әжетхана қазір қалыпты жұмыс істеп тұр. Осылайша, ең қымбат әжетхана «өз міндетіне» қайта кіріскен көрінеді.
Айтқандай депутат тексеріп кеткен жаңа жол опырылып түсті, халыққа обал болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







