Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында тіркелген ауыр қылмысқа байланысты тергеу шаралары жалғасып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ерлі-зайыптының қаза табуы және отбасының тағы екі мүшесінің хабар-ошарсыз кетуі қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Мәйіттер табылғаннан кейін тергеу назары марқұмдардың күйеу баласына аударылғанымен, ресми органдар әзірге толық мәлімет таратқан жоқ.
Резонансты іске қатысты соңғы деректер жария болды. Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті ерлі-зайыптыларды қасақана өлтіріп, кейін қылмыс ізін жасыруға тырысқан болуы мүмкін. Қаза тапқандардың денелері ауладағы шаруашылық мақсаттағы құрылыстан табылған.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мирамгүлдің мәйіті Геолог шағын ауданындағы септиктен табылды деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл дерек расталмады. Полиция аталған аумақта тінту жүргізіп, іске қатысы болуы ықтимал бірқатар заттарды тәркіледі.
Сонымен қатар Наурыздың ұялы телефоны Өзбекстан аумағында сигнал бергені ресми түрде нақтыланды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, одан кейінгі қозғалыс бағыты Малайзия арқылы Индонезияға жалғасуы мүмкін деген болжам айтылып отыр.
Қазіргі уақытта жедел-іздестіру және тергеу жұмыстары жалғасуда. Ресми құрылымдар істің мән-жайына қатысты қосымша ақпаратты әзірге жариялаған жоқ.
Алматыда өзін «қазақ Робин Гуды» деп насихаттаған блогер Ілияс Сәриев пен оның серіктесі Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот процесі басталды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

