27 ақпанда еліміздің басым бөлігінде аяз сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды және Астана қалаларында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -26…-37 градусқа дейін төмендесе, күндіз -16…-25 градус аралығында болады.
Өскемен мен Семейде де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде -33…-37, күндіз -22…-25 градус суық күтілуде.
Оралда жауын-шашын болмайды: түнде -17…-19, күндіз -5…-7 градус.
Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз: түнде -6…-8, күндіз +1…+3.
Ақтөбеде күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз: түнде -18…-20, күндіз -6…-8 градус.
Ақтауда күн ала бұлтты, жел күшейеді: түнде -1…-3, күндіз +4…+6 градус.
Тараз, Шымкент және Түркістанда қар аралас жаңбыр жауып, тұман мен көктайғақ болады. Түнде 0…+3 градус, күндіз +4…+8 градус жылы.
Қызылордада қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Жел күшейеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -8…-10 градус.
Қонаевта түнде қар жауып, күндіз қар аралас жауын-шашын, тұман мен көктайғақ болжанады. Температура түнде -6…-8, күндіз -4…-6 градус аралығында.
Талдықорғанда күн бұлтты, ара-тұра қар жауып, тұман күтілуде. Түнде -10…-12, күндіз -7…-9 градус суық болады.
Алматыда бұлтты, түнде және күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы -2…-4, күндіз 0…-2 градусқа дейін төмендейді.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында қалыптасып жатқан жаңа цифрлық әдеттің бірі – геолокациямен бөлісу. Олар әлеуметтік желілерде өздерінің қайда жүргенін жиі көрсетіп отырады. Бұл қаншалықты қауіпті екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







