Республикалық референдум күні Қонаев қаласында ерекше акция ұйымдастырылып, тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ретроавтокөліктермен келді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл бастаманың авторы Қонаев қаласының құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер әрі меценат Мұрат Сергебаев. Сирек кездесетін ретроавтокөліктерден құралған автошеру шаһардың орталық көшелерімен жүріп өтіп, көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.
Тұрғындар сән-салтанаты келіскен көне көліктерді қызықтап, естелік суретке түсіп, әлеуметтік желілерде алған әсерлерімен бөлісті. Осылайша, автошеру қала тұрғындары үшін референдум күнін есте қаларлық, ерекше мерекелік көңіл күй сыйлаған шараға айналдырды.
Акцияға қатысушылар бұл шара арқылы ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға бейжай қарамайтындықтарын, әрі азаматтық ұстанымдарын көрсеткісі келгендерін айтты. Мұндай бастамалар халықтың қоғамдық өмірге қызығушылығын арттырып, тұрғындардың бірлігін нығайта түседі.
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







