Мұнай саласы кәсіподағының өкілдері еліміздің жаңа Конституциясын толық қолдайтынын және алдағы референдумға белсенді түрде қатысатынын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл туралы кәсіподақ мүшелерімен өткен ақпараттық-түсіндіру кездесуінде белгілі болды. Іс-шараға коалиция мүшелері Мақсат Ырзаханов, Орынбасар Тоғжанов, Серік Бекбергенов, Марияш Нуранова, сондай-ақ Аят Сүгірбай мен Сабина Бейсембаева қатысты.
Жиында жаңа Конституциядағы өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызы талқыланып, олардың қоғамдағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тигізер ықпалы кеңінен түсіндірілді.
– Бүгінгі жиынның басты мақсаты кәсіподақ мүшелеріне жаңа Конституцияның мәнін түсіндіру. Конституциялық реформалар еңбек адамының құқықтарын қорғап, әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға үлкен ықпал етпек, – деді жиында сөз сөйлеген Мақсат Ырзаханов.

Шара барысында жаңа Конституциядағы басты бағыттар, заң үстемдігін нығайту, әділетті қоғам құру, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер мен азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру мәселелері көтерілді.
Кездесуге қатысқан кәсіподақ мүшелері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Олар елдегі саяси өзгерістерге қолдау білдіретінін айтып, жаңа Конституцияны қабылдау ел болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтті.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік және өндірістік жобалардың құрылысымен танысқанын тілшілеріміз жазған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

