Ақпан айында Алматыдағы Республика сарайында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева шығармашылығының 50 жылдық мерейтойына орай концерт өткізеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Концерт қарсаңында танымал продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баян Алагөзова Роза Рымбаеваға алғыс айтып, арнайы жазба жариялады.
– Роза Қуанышқызы, мені концертіңізге шақырғаныңыз үшін алғысым шексіз! Өкінішке қарай, бара алмаймын. Бірақ анам сіздің концертіңізді міндетті түрде тамашалағанын қалаймын. Билеттер сатылымда бар екен. Қазақ сахнасының ең үлкен жұлдызы шығармашылығының 50 жылдығын атап өткелі отыр! Бұл – шынымен де аңыз! – деп жазды Алагөзова.
Бұдан бөлек, 68 жастағы Роза Рымбаева туралы деректі фильмнің түсірілімі басталғаны хабарланған болатын. Фильм әншінің өмірі мен шығармашылық жолын қамтитын болады.
Роза Рымбаева мерейтойлық екі концертін 7 ақпанда сағат 15:00-де және 19:00-де өткізеді. Мерейтойға дайындық қызу жүріп жатыр, тыңдармандары бұл кешті ерекше асыға күтуде.
Әлемді бір рет бағындырған Иманбек тағы да тыңдарманын таңғалдырмақ. Осы жолы талантты қазақстандық музыкант әйгілі «Многоточие» тобының хитіне ремикс жасап, көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

