Қазақстанда цифрлық көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жаңа қадам жасалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және inDrive компаниясы 2026 жылы елордада пилоттық форматта жүргізушісіз такси жобасын іске асыру үшін меморандумға қол қойды. Сонымен қатар Yandex Qazaqstan компаниясымен де келісім жасалып, тараптар автономды такси сервисін кезең-кезеңімен дайындап, болашақта іске қосуды көздеп отыр.
Әуежайдан Abu Dhabi Plaza-ға дейін
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылы Астана көшелеріне inDrive әзірлеген алғашқы жүргізушісіз такси шығарылады. Жоба «ақылды қала» тұжырымдамасы мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту стратегиясы аясында жүзеге аспақ.
Алғашқы кезеңде тестілеуге арналған арнайы полигон іске қосылып, заңнамалық талаптарды икемдеуге бағытталған так называемый «регуляторлық песочница» қалыптастырылады. Жоба бойынша нақты жұмыстар 2026 жылдың басында басталады.
Астана әкімдігімен бірлесіп пилоттық бағыт та алдын ала белгіленген. Жүргізушісіз такси Астана халықаралық әуежайы мен Abu Dhabi Plaza аралығында қатынайды. Қызметті inDrive мобильді қосымшасы арқылы шақыруға болады. Жоба аясында әуежай аумағында жолаушыларды отырғызуға арналған арнайы аймақ та жабдықталады.
Такси эволюциясы
Мемлекеттік органдар автономды көліктердің қозғалысы кезінде жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілетінін атап отыр. Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, Астана көшелеріне шығатын автопарктегі машиналар әлемнің ірі мегаполистерінде сынақтан өтіп, сенімділігі дәлелденген. Қозғалыс тек жол жағдайларына қатысты тәуекелдер толық бағаланғаннан кейін және оператор мен өндіруші тарапынан тұрақты бақылау орнатылған жағдайда ғана жүзеге асады.
Пилоттық жобаны толық іске қосу тестілеу нәтижелері оң болғанда, сондай-ақ қажетті регуляторлық тетіктер мен инфрақұрылымдық талаптар қалыптасқан соң мүмкін болады. inDrive бұған дейін автономды мобильдік стратегиясын Сауд Арабиясында іске асыра бастаған. Сол елдегі жинақталған тәжірибе Қазақстандағы жобаға да қолданылмақ.
Ал Yandex Qazaqstan компаниясымен жасалған меморандум жүргізушісіз такси жобасын нормативтік, технологиялық тұрғыда пысықтаудан бастап, пилоттық іске қосуға дейінгі бірнеше кезеңді қамтиды. Жоспар бойынша сервис те 2026 жылы іске қосылады.
Қызмет аясында диспетчерлік орталықпен тәулік бойы байланыс, сапарларды сақтандыру және автономды басқарудың тексерілген алгоритмдері қарастырылған. Жүйе жасанды интеллектке, жол жағдайын үздіксіз бақылауға және қауіпсіз әрекет сценарийлеріне сүйенеді. Тәжірибе жинақталған сайын және тұрақты жұмыс дәлелденген соң сервис ауқымы біртіндеп кеңейтіледі.
Министрлік өкілдері жүргізушісіз таксиді қалалық мобильділікті ұзақ мерзімді дамыту стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырып отыр.
Жаңа салық реформасы кезінде таксистердің жағдайы қиындайтынын білесіз бе?

