Алматыда прокуратура Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің заңсыз сатылған ғимараттарын мемлекет меншігіне қайтарды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Нысандар бұрынғы ректордың жақындарына заңсыз беріліп, кейін университеттің өзіне жалға тапсырылған.
Прокуратураның дерегінше, оқу орнына тиесілі спорт ғимараты 2003 жылы сол кездегі ректор Тоқмұхамед Садықовтың бұйрығымен «Фирма Зураб» деген компанияға арзан бағаға сатылған. Заң бойынша мемлекеттік ғимаратты сатуға ректордың ешқандай құқығы болмаған.
Ғимараттың ауданы 1400 шаршы метр. 2003 жылы ол бар-жоғы 5 миллион теңгеге сатылған. Салыстыру үшін айтсақ, қазір нысанның құны 135 миллион теңге тұрады.
Компания ғимаратты сатып алған соң, оны университетке қайтадан жалға берген. Осылайша, университет өзі бұрын иелік еткен ғимарат үшін жалға ақы төлеп келген. Тіпті бірнеше жыл ішінде университет өз ғимараты үшін 78 миллион теңгеден астам ақша төлеуге мәжбүр болған.
Прокуратура бұл келісімді заңсыз деп тану үшін сотқа жүгінді. 2024 жылы сот келісімді толықтай заңсыз деп танып, ғимаратты мемлекет меншігіне қайтарды.
Бұдан бөлек, прокуратура бұрынғы ректордың жақындарына берілген Қонаев көшесіндегі павильонды да қайтарды. Ауданы 208 шаршы метр болатын павильон да арзан бағамен сатылып, кейін ректордың туыстары арасында бірнеше рет сыйға тартылған. Қазір бұл павильонда алкогольді ішімдіктер сататын тәулік бойы жұмыс істейтін дүкен орналасқан.
Прокуратура бұл павильон бойынша келісімдерді де сотқа беріп, сот прокуратураның талабын толығымен қолдады. Сот шешімімен павильон мемлекет меншігіне қайтарылды.
Тілшілеріміз Түркияның Оңтүстік Кавказды толық бақылауға алып, Каспий теңізіндегі маңызды энергетикалық ресурстарға ие болғанын талдап жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

