Өзбек билігі ел резиденттерінің АҚШ-тағы компанияларға инвестиция салуына қатысты шектеуді толық алып тастамақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл туралы елдің Орталық банкі арнайы қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан банктерінің шотынан АҚШ-тағы компаниялардың жарғылық капиталын мен олардың филиалдарын айналым қаражатымен толықтыруға рұқсат берілмек.
«2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан резиденттерінің АҚШ-тағы инвестициялық қызметіне қатысты ескі шектеудің күші жойылады. Атап айтқанда, америкалық компаниялардың жарғылық қорын қалыптастыруға немесе капиталға қатысуға рұқсат беріледі. Сондай-ақ АҚШ-тағы филиалдарының айналым қаражатын толықтыру мақсатында ақша аударуына ешқандай шектеу қойылмайды. Операциялар резиденттердің банк шотындағы қаражат шегінде жүзеге асырылады», – делінген Орталық банк қаулысында.
Өзгерісті енгізуге Шавкат Мирзияевтің «Америкалық-өзбекстандық іскерлік және инвестициялық кеңес құру туралы» жарлығы негіз болған.
Айта кету керек, аталған кеңесті құру туралы келісім бұған дейін С5+1 саммитінде жасалған болатын. Кеңес стратегиялық бизнес-жобаларды үйлестіру, ірі инвестициялық және сауда жобаларын келісу, сондай-ақ Өзбекстан экономикасына қосымша қаржы тартатын арнайы инвест қор құрумен айналысады.
Айта кетелік, президент Тоқаев Уашингтон сапары барысында Ақ үйдегі кездесудің былтыр Байден өткізген жиыннан бөлек болғанын атап өткен. «Осы жолғы жиында Орта Азияның рөліне тереңірек мән берілді», – деген еді Қазақстан басшысы.

