Тимур Құлыбаевтың өкілі BBC арнасының журналистік зерттеуінде айтылған айыптауларды жоққа шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Британ телеарнасы Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздің інісі Эндрюдың «күйеубаладан» қомақты қаржы алғанын жариялаған еді.
BBC зерттеуіне сәйкес, Құлыбаев принц Эндрюге тиесілі болған Саннингхилл-Парк зәулім сарайын сатып алу үшін офшорлық компанияны пайдаланған.
Алайда кәсіпкердің ресми өкілі ақпаратты негізсіз деп отыр. Оның айтуынша, Тимур Құлыбаев ешқашан сыбайлас жемқорлық ісіне араласпаған, ал сарайдың сатып алынуы толығымен заңды жолмен іске асқан.
«BBC арнасының редакциясымен, сондай-ақ олардың заңгерлерімен ұзақ уақыт хат алмасып, аталған істің мән-жайын толық түсіндірдік. Соған қарамастан телеарна жала жабылған материалды жариялауды жөн көрген. Италиядағы сот ісіне қатысты мәліметтер де бұрмаланып отыр. Ол істе Құлыбаевтың қандай да бір пара алғаны туралы деректер расталмаған. Саннингхилл-Паркті сатып алу кәдімгі коммерциялық келісім, ал оған жұмсалған қаржы Құлыбаевқа тікелей не жанама қатысы жоқ компаниядан алынған несие арқылы берілген», – деді өкіл.
Оның сөзінше, мәміле кезінде барлық қажетті тексерулер жасалып, несие тиісті пайызбен толық өтелген.
«Құлыбаевтың қандай да бір пара схемасы туралы хабардар болғанын, одан қаржы пайдасын көргенін растайтын ешбір дәлел жоқ», – деп атап өтті өкіл.
Айта кетейік, BBC зерттеуінде Құлыбаев британдық ханзададан Саннингхилл-Парк сарайын сұралған бағадан үш миллион фунт стерлингке қымбатқа, яғни 15 миллион фунтқа сатып алғаны туралы жазылған. Телеарна қаржының бір бөлігі халықаралық жемқорлық жанжалына қатысы бар офшорлық компания арқылы келген деп мәлімдеген болатын.
Бұған дейін біз Мәжілістің Құлыбаевтың қарсы кресть жорығын жариялағанын хабарлаған едік.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

