Талдықорған қаласында Наурызнама онкүндігі аясындағы «Шаңырақ күніне» орай «Отбасы – қоғамның тірегі» атты іс-шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
КГУ «Jetisy jastary» ұйымдастырған бұл шара Салтанат сарайында өтіп, оның аясында төрт жас жұп ресми түрде некеге тұрды. Жас отбасылар үшін бұл күн тек заңды тіркеу ғана емес, ұлттық дәстүрмен ұштасқан ерекше рәсімге айналды.
Іс-шара барысында ақсақалдар жас жұбайларға ақ батасын беріп, өмірлік жолына бағыт-бағдар көрсетті. Олар отбасының беріктігі сыйластық, сабыр мен өзара қолдауға негізделетінін атап өтті.
«Отбасы әрқашан қоғамның тірегі болып келеді. Бір-бірлеріңізді қадірлеп, қолдап жүріңіздер. Берік шаңырақ осы құндылықтардың негізінде қалыптасады», – деді ақсақалдардың бірі.
Ұйымдастырушылар жас жұбайларды құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыстады. Залда бақыт, береке мен ұзақ ғұмыр тілеген ақжарма тілектер айтылды.
КГУ «Jetisy jastary» өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер жастардың дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
«Біздің мақсат – жастар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасының қоғамдағы орнын түсіндіру және ұлттық-рухани мұраны жас буынға жеткізу. Жас отбасыларға өмір жолының басында қолдау көрсету – маңызды міндеттердің бірі», – деді мекеме директоры Шамиль Ванкеев.
Осындай шаралар арқылы дәстүр мен заманауи өмір үндесіп, жас буынға отбасының маңызы нақты мысал арқылы жеткізіліп отыр.
Автокөлік кілтінің сигналын күшейтудің қарапайым, бірақ таңғаларлық әдісі бар. Ол үшін кілтті басыңызға тигізіп, түймені бассаңыз жеткілікті. Иә, бұл әзіл немесе кездейсоқтық емес, ғылыми дәлелденген әдіс.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







