Қарағанды облысында «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» арқылы жүзеге асатын, кейін сатып алуға болатын жалға берілетін пәтерлерге өтінім қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Құжаттарды қабылдау 8 сәуірде басталды және 17 сәуірге дейін жалғасады. Өтінімдер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 мекенжайында қабылданады.
Бағдарламаға кім қатыса алады?
Бағдарламаға «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының» электронды базасында кезекте тұрған Қазақстан азаматтары мен қандастар қатыса алады. Оның ішінде барлық кезектегі азаматтар, сондай-ақ әкімдік қызметкерлері мен оған қарасты мекемелердің жұмысшылары бар.
Бағдарламаның шарттары қандай?
Жалға берілетін тұрғын үйдің негізгі шарттары:
жалдау мерзімі – 20 жылға дейін;
сыйақы мөлшерлемесі – жылына 3,1%;
бастапқы жарна талап етілмейді;
жалдау бағасы – шаршы метрі үшін 1981,95 теңге;
пәтерді мерзімінен бұрын сатып алуға мүмкіндік бар;
жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін пәтер жалдаушының меншігіне өтеді.
Тұрғын үй туралы мәлімет
Тұрғын үйлер Саран қаласындағы Химик шағын ауданында орналасқан. Барлығы 260 пәтер бар:
бір бөлмелі – 56 пәтер;
екі бөлмелі – 105 пәтер;
үш бөлмелі – 99 пәтер.
Ай сайынғы төлем мөлшері:
бір бөлмелі пәтер (30,1–34,8 ш.м.) – 59 656–68 971 теңге;
екі бөлмелі пәтер (50,4–54,1 ш.м.) – 99 890–107 223 теңге;
үш бөлмелі пәтер (58,2–74 ш.м.) – 115 349–146 664 теңге.
Өтінімді қалай беруге болады?
Бағдарламаға қатысу үшін Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне барып, анкета толтыру керек. Анкетада аты-жөніңізді, ЖСН, туған күніңізді, байланыс деректеріңізді, жеке куәлік мәліметтерін, электронды поштаңызды және қалаған бөлме санын көрсету қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:
8 775 363 33 30, сондай-ақ 8 (800) 080-44-48 нөмірі арқылы call-орталығына қоңырау шалуға болады.
Kaspi.kz танымал финтех-сервисі мобильді қосымшаға қатысты қатаң шектеулер енгізді. Бұдан былай жүйеде тек қазақстандық телефон нөмірімен тіркелуге болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







