Бүгін Щапов ауылдық округінде орналасқан №171 референдум учаскесінде ерекше көрініс орын алды. Саяси науқанға Сарымсақовтар әулетінің 11 мүшесі ұйымшылдықпен бір уақытта келіп, азаматтық ұстанымдарын білдіріп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әулеттің үлкендері бастаған бұл үрдіске үйдің жас буыны да қосылып, отбасының татулығы мен ынтымағын айқын көрсетті. Әсіресе жастардың аға буын өкілдерінен үлгі алып, саяси науқанға белсенді араласқаны көпшіліктің көңілінен шықты.
«Тату үйдің тамағы тәтті» дегендей, бір отбасының бір кісідей жұмылып келуі, олардың ауызбіршілігінің, ел болашағына деген шынайы жауапкершілігінің белгісі. Сарымсақовтар әулеті өздерінің осы бірлігі арқылы ауыл тұрғындарына, әсіресе жастарға үлгі-өнеге көрсетті.
Отбасы мүшелері бұл әрекеттерімен тек өздерінің ғана емес, ауылдың, тұтас елдің ынтымағы мен тұрақтылығына да үлес қосатындықтарын айтты. Олардың пікірінше, әрбір азаматтың өз таңдауын жасауы – қоғамның алға басуының кепілі.
Осылайша, бүгінгі күні Сарымсақовтар отбасының бірлікті, татулықты дәріптеген ұйымшылдық танытуы ауыл жұртшылығына ерекше әсер қалдырды. Мұндай белсенді әрі ұйымшыл отбасылардың қоғамдық-саяси шараларға қатысуы, мемлекетіміздің берік іргетасы мен ынтымақты қоғамның айқын көрінісі екені анық.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







