Павлодарда шақыртуға келген жедел жәрдем көлігі шлагбаум кесірінен науқасқа дер кезінде жете алмай қалды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ақпаратқа қарағанда, медицина қызметкерлері тоғызыншы қабаттан құлап кеткен балаға келген. Алайда аулаға кіретін жолды шлагбаум жауып тұрғандықтан, бригада бірден өте алмаған. Сол сәтте қақпаны ашатын пульт ұстаған бірде-бір адам табылмаған.
Жағдайдың ауырлығын ескерген жедел жәрдем қызметкерлері шлагбаумды сындырып кіруге мәжбүр болған. Себебі баланы ауруханаға шұғыл жеткізу қажет еді.
Осы оқиғадан кейін төтенше қызмет көлігінің жолын жабатын кедергілер мәселесі қайтадан назарға шықты. Бұған дейін қазақстандықтар Астанадағы «Коркем-3» тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде құтқарушының әрекетін сынаған еді. Сол кезде автосаты мен автоцистернаның жүруіне бөгет болған көлік 20 минут бойы алынбағаны қоғамда үлкен наразылық туғызған.
Аталған өрт салдарынан үш бала қаза тапқан. Қоғам өкілдері құтқарушы неге көлікті бірден ысырып тастамады деген сауал қойған.
Ал жауапты ведомство көлікті тарандап жол ашу тәртібімен жұмыс істеуге болмайтынын мәлімдеді. Мекеме мұндай әрекетке жол берілмейтінін айтып, өз ұстанымын дәлелдейтін уәждерін алға тартқан.
17 сәуір, жұма күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында түнгі суық сақталып, кей өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







