Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны қаупін азайту мақсатында өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Ertenmedia.kz.
Алдын алу шаралары Алтай ауданындағы Богатырево, Зубовск және Быково ауылдары маңындағы Бұқтырма өзенінде өтті. Екі күнге созылған жұмыстар барысында 52 245 шаршы метр аумақтағы мұз ұсақталды.
Осыған ұқсас жұмыстар Үлкен Нарын ауданындағы Сенное ауылы аумағында да жүргізілді. Мұнда 9 076 шаршы метр жер қамтылып, өзендегі мұз қабаты бөлшектелді.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Амангелді Енсегеновтің айтуынша, мұндай шаралар мұздың біртіндеп қозғалуына жағдай жасап, өзен арнасының бітеліп қалу қаупін азайтады.
«Мұз жару жұмыстары су тасқыны кезінде судың еркін өтуін қамтамасыз етеді. Бұл елді мекендерге қауіп төнуінің алдын алуға мүмкіндік береді», – деді ол.
Мамандардың айтуынша, көктемгі кезеңде мұндай жұмыстар өзендердегі жағдайды бақылауда ұстауға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі.
Үйдегі интернеттің баяулауы көп жағдайда бір ғана себептен болмайды. Видеоның тұрып қалуы, сайттардың баяу ашылуы немесе байланыс үзіліп кетуі әртүрлі факторлардың белгісі болуы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







