13 наурызда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күн райы жылып, ауа температурасы нөлге жақындайды. Дегенмен кейбір облыстарда қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» РМК дерегі бойынша, елдің солтүстігінде соңғы бірнеше күнде алғаш рет ауа температурасы жоғарылап, күн жылынады. Петропавлда түнде ауа температурасы 0° шамасында, күндіз -3…-5 градус. Түнде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын және көктайғақ күтіледі, күндіз аздаған жауын-шашын болуы мүмкін. Қостанайда күн жауын-шашынсыз, түнде -4…-6 градус, күндіз 0…+2 градус шамасында, тұман түсуі ықтимал.
Астанада түнде аздаған қар жауады, күндіз жаңбыр аралас қар, көктайғақ күтіледі. Температура түнде -3…-5 градус, күндіз -1…+1 градус аралығында. Көкшетауда түнде қар жауып, бұрқасын соғады. Температура түнде -2…-4, күндіз -1…+1 градусқа жетеді.
Елдің орталық аймақтарында қар сақталады. Қарағандыда түнде аздаған қар жауып, бұрқасын болады, ауа температурасы түнде -7…-9, күндіз -3…-5 градус. Павлодарда түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауады. Температура түнде -4…-6, күндіз -1…+1 градус шамасында.
Шығыста қар жауып, бұрқасын күтіледі. Өскеменде күндіз қар жауып, бұрқасын болады. Ауа температурасы түнде -10…-12, күндіз -1…-3 градус. Семейде түнде қар мен бұрқасын күтілсе, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжануда.
Батыста жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Оралда түнде -4…-6 градус болса, күндіз +3…+5 градус, тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Атырауда күн ашық, түнде -1…-3 градус, күндіз +8…+10 градус жылы. Ақтауда күндіз ауа температурасы +10…+12 градусқа дейін жылынады.
Елдің оңтүстігінде жауын-шашын күтілмейді. Шымкент пен Түркістанда түнде -7…-9, күндіз +6…+8 градус. Қызылордада күндіз +6…+8 градус жылы. Алматыда жауын-шашынсыз, тұман және көктайғақ күтіледі. Температура түнде -7…-9, күндіз 0…-2 градус шамасында болады.
Аспаннан жаңбыр жауғанын көрдіңіз, бірақ жерге бір тамшы жауын тамбады. Метеорологияда мұндай құбылыс «вирга» деп аталады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







