Қазақстанның көп бөлігінде 7 ақпан күні ауа райының қысқы сипаты сақталады. Әсіресе солтүстік, шығыс және орталық облыстарда аяз күшейіп, қар жауып, бұрқасын соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Петропавл, Қостанай және Көкшетау қалаларында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы −20…−26 градусқа дейін төмендейді, күндіз −13…−15 градус шамасында сақталады.
Павлодар мен Қарағандыда қар жауып, бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Қарағандыда түнгі мезгілде жел екпіні күшейеді. Бұл өңірлерде ауа температурасы −10…−15 градус аралығында.
Жезқазғанда түнде аздап қар жауады, күндіз ауа температурасы −8…−10 градус болса, түнде −18 градусқа дейін төмендейді.
Өскемен мен Семей қалаларында қар жауып, бұрқасын болады, көктайғақ болып, түнгі және таңғы сағаттарда жел күшейеді. Ауа температурасы бұл өңірде 0…−5 градус аралығында сақталады.
Орал, Атырау, Ақтөбе мен Ақтауда жауын-шашын жаумайды, алайда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Ақтауда желдің екпіні күшейеді. Аталған қалаларда ауа температурасы +2 градустан −25 градусқа дейін өңірлерге байланысты құбылып тұрады.
Тараз, Шымкент және Қонаев қалаларында жаңбыр аралас қар жауып, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түркістан мен Қызылордада жауын-шашын күтілмейді, бірақ кей жерлерде тұман мен көктайғақ байқалады. Оңтүстіктегі күндізгі ауа температурасы +4…+6 градус аралығында болады.
Алматыда күн бұлтты, ара-тұра жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Күндіз ауа температурасы 0…+2 градус шамасында болады.
Астанада түнде қар жауып, бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы күндіз −13…−15, түнде −18 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктер тұрғындарға жол жүру кезінде ауа райын ескеріп, сақ болуды ескертеді.
Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресей аумағына кіруге жарты ғасырлық тыйым салынды. Кремль билігі бұған әзілкештің соғысқа қатысты сыны мен қаржылық заңмананы бұзуын себеп қылған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

