Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, күн күрт суытады. Елдің солтүстігінде аяз күшейсе, оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, жолдарда көктайғақ болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауып, жаяу бұрқасын тұрады. Түнде ауа температурасы -27…-29°C, күндіз -13…-15°C.
Алматыда түнде қар жауып, тұман түседі. Жолдарда көктайғақ сақталады. Түнгі температура -10…-12°C, күндіз -2…-4°C.
Шымкентте ауа райы құбылмалы болып, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Желдің екпіні күшейеді. Түнде -10…-12°C, күндіз +1…+3°C.
Түркістан қаласында да дәл осындай ауа райы күтілуде. Түнде -10…-12°C, күндіз 0…+2°C шамасында.
Қонаев қаласында түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -3…-5°C.
Талдықорғанда да түнде қар жаууы мүмкін. Түнде ауа температурасы -13…-15°C, күндіз -5…-7°C.
Қызылордада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде -10…-12°C, күндіз -1…+1°C.
Таразда жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз 0…-2°C.
Батыс тұманға орнады
Ақтауда ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Түнгі температура -1…-3°C, күндіз +3…+5°C.
Атырауда ауа райы жауын-шашынсыз, тұман түседі. Түнде -13…-15°C, күндіз -8…-10°C.
Орал қаласында күн жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Температура түнде -24…-26°C, күндіз -17…-19°C.
Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде -23…-25°C, күндіз -17…-19°C.
Қарағандыда күндіз аздап қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Температура түнде -21…-23°C, күндіз -11…-13°C.
Жезқазғанда күн бұлтты, күндіз қар жауып, бұрқасын тұрады. Түнде -12…-14°C, күндіз -6…-8°C.
Қостанайда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман күтіледі. Температура түнде -32…-34°C, күндіз -26…-28°C.
Көкшетауда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде -30…-32°C, күндіз -19…-21°C.
Петропавлда күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -35…-37°C, күндіз -27…-29°C.
Павлодарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын тұрады. Тұман түседі. Температура түнде -25…-27°C, күндіз -20…-22°C.
Семейде түнде және таңертең қар жауады. Түнгі температура -18…-20°C, күндіз -15…-17°C.
Өскеменде қар жауады. Температура түнде -13…-15°C, күндіз -10…-12°C.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» еліміздің көптеген өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.
Айтпақшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бүгінгі жанжалға қатысты екіұшты мәлімдеме жасап, әлемжелі мен ақпарат құралдарында тараған деректер шындыққа сай келмейтінін айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

