Елордадағы «Жастар» театрында белгілі жазушы Рахымжан Отарбаевтың «Соңғы аялдама» романы негізінде қойылым өтті. Театр сахнасындағы спектакль құқықтық тәрбие мен жастардың өмірдегі жеке таңдау мәселелеріне арналды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Маңызды мәдени-танымдық шараға прокуратура және полиция басшылығы, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов, қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, елордалық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, білім беру, мәдениет саласының өкілдері, психологтар және мектеп оқушылары қатысты.
Жиында сөз сөйлеген қала прокуроры Ғабит Қасымбеков жастардың білімді, тәрбиелі және адал азамат ретінде қалыптасуының маңыздылығын атап өтіп, оларға жарқын болашақ тіледі.
«Соңғы аялдама» спектаклі жасөспірімдермен жеке жауапкершілік, өмірдегі дұрыс таңдау жасау және нашақорлыққа тартылудың салдары туралы ашық диалог орнатуға мүмкіндік берді. Қойылым барысында актерлердің шеберлігі арқылы көрермендерге заң талаптарын сақтаудың маңызы мен саналы шешім қабылдаудың қажеттілігі көркем бейнеде жеткізілді.
Профилактикалық және танымдық мақсаттағы шараға елорданың белсенді мектептерінен 300-ге жуық оқушы қатысты. Аталған спектакль құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ведомствоаралық жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.
Таяуда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы дамытуға жеке инвестицияларды тарту жұмыстары жалғасып жатқанын айтқан болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







