Тіс дәрігері Айгүл Қуанышбаева тіс саулығына зиян келтіретін өнімдер мен сусындарды атады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Стоматологтың айтуынша, бұл тізімнің басында тәтті газдалған сусындар тұр. Мұндай сусындарда қант пен химиялық бояғыштар көп болады.
– Газ көпіршіктері тіс бетіндегі пеликула деп аталатын қорғаныш қабықшасын бұзады. Соның салдарынан эмаль қорғаныш қасиетін жоғалтып, тіс бүлінеді, – деп түсіндірді маман.
Сондай-ақ сүт қосылған ботқа мен сұйық піскен жұмыртқаның да тіс саулығына зияны бар. Олардың жабысқақ консистенциясы асқазанға пайдалы болғанымен, тіс бетінде қалып қояды.
Бұл ауыз қуысында зиянды бактериялардың пайда болуына әкеліп, кариес тудыруы мүмкін. Бірақ маманның айтуынша, мұндай тағамнан бас тартудың қажеті жоқ. Тамақтан соң ауызды шайып, тіс тазалаған жеткілікті.
Кептірілген жемістер де зиянды өнімдер қатарына кіреді. Олар қантқа бай және тіске жабысып қалып, эмальды зақымдауы ықтимал.
Соңғысы сүйекті ет. Мұндай тағамды жеген кезде сүйекті кемірмеу қажет. Өйткені сүйекті тістеу эмальды қатты зақымдап, тіс сынуы мүмкін.
Дәрігердің бұл кеңестері медициналық тағайындау болып саналмайды. Толық шешім қабылдар алдында маманмен кеңескеніңіз жөн.
Мамандар жүктіліктің жайлы өтуі және сәбидің дені сау болуы үшін бірқатар қарапайым, бірақ тиімді кеңестер ұсынады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







