Ел мектептерінде былтыр басталған бірнеше пәнді біріктіру реформасы уақытша тоқтатылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Физика, химия, биология, алгебра мен геометрия секілді негізгі пәндер бұрынғыдай жеке-жеке оқытылатын болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2025 жылы физика, химия және биология пәндерін «Жаратылыстану» бағытына біріктіру, ал алгебра мен геометрияны – «Математика», дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін – «Қоғамдық ғылымдар» пәніне қосу туралы шешім қабылданған еді.
«Реформаны уақытша тоқтатуға тура келді. Себебі біз фундаменталды ғылымдарды жеке-жеке оқыту қажет деп санаймыз. Мұғалімдерге түсетін жүктеме мәселесін де қарастырдық, педагогикалық қауымдастықпен де кеңестік. Балаларымыз цифрлық заманда негізгі ғылымдарды терең меңгеруі үшін пәндерді жеке қалдырдық», – деді Сүлейменова.
Министр реформа сынақтан өткізілгенімен, түпкі шешімде пәндердің біріктірілмей, жеке-жеке оқытылатынын атап өтті.
Пәндерді біріктіру науқаны пилоттық жоба ретінде экс-министр Ғани Бейсембаевтың тұсында қолға алынған еді.
Айтқандай, Үкімет қазір жекеменшік мектептердің мәселесін қай шаммен қарап жатыр. Вице-премьер Аида Балаева соңғы 8 жылда жеке мектептерге жұмсалған миллиардтар далаға кеткенін мәлімдеген болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

