Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, алдағы жоспарымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өнер иесі бұған дейін сырт келбеті мен салмағына байланысты талай сынға ұшырағанын жасырмады. Сондықтан ол өзін өзгертіп, жаңа белестерге бет бұрмақ.
– Осы уақытқа дейін бетімді, шашымды, жалпы сыртқы келбетімді күтуді қатты ескермеппін. Өнерге берілемін деп, көпбалалы ана болғандықтан балалардың қамымен жүріп, өзіме қарауды кейінге қалдырып келіппін.
Жақында желіде «неге арықтамайсың, өзіңді өзгертпейсің бе?» деген бағытта хейт толқыны болды. Бұған дейін өзімді ұмытып, тынымсыз шапқылаумен жүргенім рас.
Ал енді спортқа көңіл бөліп, сымбатымды қалыпқа келтіруді қолға алмақпын. Өзгерістің нәтижесін осы парақшадан бақылай аласыздар. Адам бәріне бірдей ұнай беруге емес, ең алдымен өзін жақсы көруге ұмтылуы керек екенін енді түсіндім», – дейді Роза Әлқожа.
Айтқандай танымал журналист Ербол Мәндібек Қайрат Нұртасқа «Халық әртісі» атағын биылдан қалдырмай беру керек деп қиғылықты салып жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







