Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылы мен «Жастар-3» шағын ауданында газ тарату желілерінің құрылысы биыл аяқталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Округтің барлық елді мекендері көгілдір отынға қол жеткізген. Биыл «Ынтымақ» тұрғын алабында 44 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталды.
«Жастар-1», «Жастар-3» тұрғын алабында 60 көшеге асфальт жабыны төселді. Алдағы екі жылда жалпы саны 74 көше асфальтталады.
«Жастар-2» тұрғын алабында 12 көшеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, биыл Өтенай ауылында 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

