Таңғы ас кезінде тәтті және майлы тағамдарды тұтыну когнитивтік қызмет пен таңғы сергектік деңгейіне кері әсер етеді. Мұндай қорытындыға Жапониядағы Хего университетінің ғалымдары келді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Зерттеу нәтижелері Food and Humanity ғылыми журналында жарияланды. Ғалымдардың пікірінше, күнді тәтті тоқаштармен және құрамында қанты көп сусындармен бастау зейіннің шоғырлануын төмендетіп, мидың тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Ғылыми топ таңғы астың құрамының вегетативті жүйке жүйесіне қалай әсер ететінін зерттеген. Бұл жүйе ағзадағы еріксіз процестерді басқарады: оның симпатикалық бөлігі сергектік пен әрекетке дайындыққа жауап берсе, парасимпатикалық бөлігі босаңсу мен тынығу режиміне жауап береді.
Экспериментке 13 сау студент қыз қатысқан. Олар екі түрлі таңғы ас ішкен, әрқайсысының калориясы шамамен 500 ккал болған. Бірінші нұсқа дәстүрлі жапон таңғы асы – күріш, балық, жұмыртқа, көкөністер және жемістерден тұрса, екінші нұсқа тәтті тоқаштар мен қант және майы мол тәтті сүтті сусын.
Тамақтан кейін ғалымдар екі сағат бойы қатысушылардың дене температурасын, жүрек соғысының өзгерісін өлшеп, когнитивтік тестер жүргізген. Сондай-ақ студенттер өздерінің сергектігі мен ұйқышылдығын бағалап отырған.
Нәтижесінде дәстүрлі жапон таңғы асы симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігін арттырған: қатысушылардың дене температурасы мен жүрек соғысы жиілеген. Бұл жағдай олардың сергектігін күшейтіп, жоспарлау мен назар аудару қабілеттерінің жақсы нәтижелер көрсетуіне ықпал еткен.
Ал тәтті әрі майлы таңғы ас керісінше нәтиже берген. Бұл жағдайда студенттердің парасимпатикалық белсенділігі басым болғандықтан, олардың ұйқышылдық сезімі күшейгені байқалған.
«Зерттеу таңғы астың сапасы таңертеңгі физиологиялық белсенділік пен когнитивтік қызметке тікелей әсер ететінін көрсетті», – дейді зерттеудің жетекшісі Фумиаки Хандзава.
Жапон ғалымдарының айтуынша, әсіресе жоспарлау қабілеті – өнімді жұмыстың негізгі элементі – қатты зардап шеккен. Тәтті тағамнан кейін көру қабілетінің қысқа мерзімді жақсаруы қанттың дофаминдік әсерімен байланысты болуы мүмкін, бірақ ол жалпы когнитивтік белсенділіктің төмендеуін өтей алмаған.
Ғалымдар Англияның Саффолк графтығынан ежелгі адамдар от тұтатқан ең көне дәлел тапты. Бұл от жағу орны шамамен 415 мың жыл бұрын неандертальдықтар тарапынан жасалғаны анықталды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

