Маңғыстау облысында референдум күні қоғамдық көліктер тұрғындар мен қала қонақтарын тегін тасымалдауда, деп жазады Ertenmedia.kz.
15 наурызда өңірде Амал мерекесі мен республикалық референдумға орай қоғамдық көлікпен жүру тегін ұйымдастырылды. Осы игі бастама облыс тұрғындары мен қонақтарының қала ішінде еркін әрі қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасады.
Барлық қоғамдық көлік бағыттары тегін қатынап, халыққа ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Мұндай әлеуметтік бастама өңір тұрғындары мен қонақтарының тарапынан үлкен қолдау тауып, алғысын білдіруде.
Тұрғындар мен қала қонақтары бұл бастаманың маңыздылығын ерекше атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
– Амал мерекесіне орай қоғамдық көліктердің тегін қызмет көрсетуі біз үшін үлкен сый болды. Осындай маңызды күнде халықтың қамын ойлап, жақсы бастаманы қолға алған ұйымдастырушыларға ризашылығымыз зор. Барша халықты бүгінгі мерекемен құттықтаймыз! – дейді тұрғындар.
Айта кетейік, қоғамдық көліктердің тегін қатынауы бүгін кешкі сағат 21:30-ға дейін жалғасады. Сондай-ақ №10 және №11 бағытындағы қалааралық автобустар да түнгі ауысымда жолаушыларды тегін тасымалдайды.
Айтқандай, ұйқы безінің қабынуына қарсы зерттелген ең тиімді дәмдеуіш – куркума екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







