Қазақ «теңіз тамшыдан құралады» дейді. Аз-аздан жиналған қаражатты үйде не картада ұстай бергеннен гөрі, табыс әкелетін іске жаратқан әлдеқайда ұтымды. ForteBank жинақ депозитінің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 19,5 пайызға дейін жетеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
ForteBank ұсынған депозитті 100 мың теңгеден бастап ашуға болады. Салым тек теңгемен қабылданады. Номиналды мөлшерлеме мерзіміне қарай 5,6 пайыздан 17,95 пайызға дейін, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,75 пайыздан 19,5 пайызға дейін белгіленген.
Клиент ақшасын 3, 6, 12 немесе 24 айға орналастыра алады. Мерзімді таңдауға еркіндік берілген. Бірі күзгі оқу маусымына қаржы жинаса, енді бірі көлікке, баспанаға немесе отбасылық сапарға деп қор құрады. Әркім өз жоспарына қарай қолайлы уақытты таңдайды.
Депозитті кез келген уақытта толықтыруға болады. Ай сайын табыстың белгілі бір бөлігін аударып отырған адам жинағын біртіндеп молайтады. Қаражат көбейген сайын есептелетін сыйақы көлемі де арта түседі. Яғни салымшының ақшасы бос жатпай, өзіне жұмыс істейді.
Депозиттің жоғары мөлшерлемесі жинаққа тәртіппен қараған адамға тиімді. Салымнан ақшаны ішінара алу қарастырылмағандықтан, қаржы белгіленген мерзімге дейін шотта сақталады. Мұндай талап көздеген мақсатына жеткенше жинағын шашпай ұстағысы келетін клиентке қолайлы.
Қажет болған жағдайда депозитті мерзімінен бұрын жабуға мүмкіндік бар. Ондай кезде сыйақы жылдық 0,1 пайыз мөлшерлемемен қайта есептеліп, қаражат өтініш берілгеннен кейін кемінде 32 күнтізбелік күн өткен соң қайтарылады. Сондықтан салымға күнделікті шығыннан артылған, жақын арада қажет болмайтын ақшаны орналастырған жөн.
Жинақ депозитіне 20 млн теңгеге дейін кепілдік беріледі. Оны банк бөлімшесіне бармай-ақ Forte мобильді қосымшасы арқылы ашуға болады. Қосымшаға кіріп, мерзімді таңдап, шотты толықтыру жеткілікті.
Жинақтың үлкен-кішісі жоқ. Ең маңыздысы алғашқы қадамды жасау және бастаған істі жолда қалдырмау. ForteBank депозиті ақшасын сақтап қана қоймай, одан қосымша табыс тапқысы келетін адамға осындай мүмкіндік ұсынып отыр.
Серіктестік материал. Депозит шарттары өзгеруі мүмкін. Салым ашпас бұрын банктің қолданыстағы талаптарымен танысқан жөн. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.29/197/36 лицензия, 03.02.2020 ж.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







