Көлігіңіздің тежегіш жүйесі сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі. Жолдағы қауіп-қатердің алдын алу үшін тежегіштің түрлері мен олардың ерекшеліктерін түсіну маңызды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазіргі автокөліктерде бірнеше түрлі тежегіш жүйесі қолданылады. Олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Дискілі тежегіштер (Frenos de disco)
Қазіргі заманғы көліктерде жиі қолданылады, көбіне алдыңғы дөңгелектерге орнатылады. Олар жақсы салқындатылып, жылдам әрекет етеді. Яғни, жоғары жылдамдықта немесе шұғыл тежеу кезінде тиімділігі жоғары болады.
Артықшылықтары:
Қызып кетуге төзімді, салқындатуы жақсы;
Тежеу дәлдігі мен жылдам әрекет ету қабілеті жоғары;
Тұрақты тежеу қасиеті.
Кемшілігі:
Егер тежегіш дұрыс жұмыс істемесе немесе қызып кетсе, жоғары жылдамдықта тоқтау мүмкіндігі күрт төмендейді.
Барабанды тежегіштер (Frenos de tambor)
Бұл – дәстүрлі тежегіш түрі, көбінесе арзандау көліктердің артқы дөңгелектерінде кездеседі.
Артықшылықтары:
Құны арзан әрі жөндеу жұмысы жеңіл;
Төмен жылдамдықта жақсы жұмыс істейді;
Жабық конструкциясы арқасында шаң-тозаңнан жақсы қорғалған.
Кемшілігі:
Жоғары жылдамдықта немесе жиі тежеуде қызып кетіп, тежеу күші азаяды.
ABS тежегіштері (антиблоктау жүйесі)
Бұл көліктің дөңгелектерінің бұғатталуын болдырмайтын электрондық тежегіш жүйесі.
Артықшылықтары:
Күрт тежеу кезінде көліктің басқарылуын сақтайды;
Көліктің жол үстінде сырғанау қаупін азайтады;
Шұғыл тежеу кезінде көлікті кедергілерден оңай алып өтуге мүмкіндік береді.
Кемшілігі:
Егер ABS істен шықса, көліктің тұрақтылығы нашарлап, апатқа әкелуі мүмкін.
Желдеткішті дискілі тежегіштер (Frenos de disco ventilados)
Бұл тежегіш түрі – әдеттегі дискілі тежегіштің жетілдірілген түрі. Оның ішінде салқындатуға арналған арнайы ауа арналары бар.
Артықшылықтары:
Жиі әрі қатты тежеу кезінде қызып кетуден жақсы қорғалады;
Жоғары жүктеме мен қуатты көліктер үшін өте тиімді;
Ұзақ пайдалану кезінде шаршамайды, сапасын сақтайды.
Кемшілігі:
Егер дискілер тым тозып кетсе, тежеген кезде дірілдеп, тежеу күші біртіндеп төмендейді.
Регенеративті тежегіштер (Frenos regenerativos)
Бұл тежегіштер негізінен электрлі және гибридті көліктерде қолданылады. Тежеу кезінде энергияны электр қуатына айналдырып, аккумуляторға сақтайды.
Артықшылықтары:
Энергияны үнемдейді, көліктің жүру қашықтығын арттырады;
Дәстүрлі тежегіштердің тозуын азайтады;
Экологиялық жағынан таза.
Кемшілігі:
Егер электр жүйесі істен шықса, тежегіштің тиімділігі азайып, көліктің тежелуі нашарлайды.
Қандай тежегіш жақсы?
Барлық тежегіштердің өз орны мен қолданылатын жағдайы бар. Жеңіл көліктерге дискілі немесе желдеткішті дискілі тежегіштер қолайлы болса, арзан әрі қарапайым көліктер үшін барабанды тежегіштер жеткілікті. Электр және гибрид көліктер үшін регенеративті тежегіштер маңызды рөл атқарады.
Ең бастысы тежегіш жүйесін уақытылы тексеру және күтіп ұстау. Тежеуіш қалыптарының (колодка), тежегіш дискілерінің, тежегіш сұйықтығының және арнайы датчиктердің жағдайын қадағалап отыру маңызды. Себебі дұрыс жұмыс істейтін тежегіш жол үстінде ескертпейді, қажет кезде бірден әрекет етеді.
Көлігіңіздің тежегіші өміріңіз бен денсаулығыңыздың кепілі. Сондықтан тежегіш жүйесін үнемі тексеріп, сапалы күйде ұстауды ұмытпаңыз.
Қазіргі архитектурада баспалдақ қабаттарды байланыстыратын элемент емес, кеңістіктің көркем өзегіне айналып отыр. Осы ретте «X-Arch» немесе айқас аркалы тірекке негізделген заманауи мүсіндік баспалдақ қалай жасалынатынын біліңіз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

