Танымал режиссер Тимур Бекмамбетовтің жаңа скринлайф-жанрындағы «Казнить нельзя помиловать» фильмі сыншылар тарапынан өте төмен баға алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Rotten Tomatoes сайтында фильм тек 17% жинаған. Басты рөлді Крис Пратт сомдаған киноны сыншылар «клишеге толы, диалогтары жасанды әрі актерлердің ойыны әлсіз фильм» деп бағалады. Toronto Star басылымы фильмге тіпті 0 деген баға қойды.
Бұған дейін 2025 жылы Бекмамбетовтің Айс Кьюб пен Ева Лонгория басты рөлдерде ойнаған «Әлемдер соғысы» (War of the Worlds) фильмін сыншылар «жылдың ең нашар фильмі» және «бір жарым сағаттық Amazon жарнамасы» деп сынаған болатын.
Қазір сол туынды Голливудтың ең нашар фильмдеріне берілетін «Алтын таңқурай» («Золотая малина») сыйлығына бірнеше аталым бойынша ұсынылып отыр. Олардың қатарында «Ең нашар фильм», «Ең нашар ремейк», «Ең нашар режиссура», «Ең нашар сценарий», «Ең нашар актерлік ансамбль» және жекелеген актерлік номинациялар бар. Жеңімпаздар 14 наурызда анықталады.
Сарапшылардың айтуынша, Тимур Бекмамбетовтің Голливудтағы шығармашылық шыңы 2008 жылы шыққан «Особо опасен» («Wanted») фильмімен тұспа-тұс келген.
Бүгін жұлдыздар сабыр мен байыпты шешімдерді алдыңғы орынға шығарады. Күн тәртібіндегі ұсақ детальдарға мән беру көптеген мәселені оңтайлы реттеуге мүмкіндік береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

