ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ар-намысты арқау етіп, заң мен тәртіпті төрге оздырған жаңа рефрендумға өңір халықын белсене қатысуға шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Достықты ту еткен, көпұлтты, еңбекқор халқы бар, қонақжай дәстүрі, жасампаз салты мен мыңжылдық тарихы үйлескен Шығыс Қазақстанның өрелі жұрты!
Алдымызда еліміздің келешегіне тікелей әсер ететін маңызды саяси оқиға – республикалық референдум күтіп тұр. Бұл тарихи сәтте халықтың дауысымен қабылданатын жаңа Ата Заңымызда әділеттілік, заң үстемдігі мен тәртіпке ерекше мән беріліп отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді барша халық болып, ақылдасып, бірге қабылдаймыз.
Ар-намысты ту етіп, заңдылықты ұстану – ұлттық бірлігіміз бен мемлекеттілігімізді нығайтудың негізгі тірегі. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы маңызды әрі шешуші рөлге ие.
Қадірменді жерлестер!
Ұрпақ алдындағы аманатымызды абыроймен орындап, келер күндердің кемел болуы үшін, Сіздерді 15 наурыз күні республикалық референдумға бір кісідей қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырамын!
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







