Төрт күн ұйықтамай ойын ойнаған студентда колледж студенті төрт күн бойы тоқтаусыз видеоойын ойнап, ұйықтамаған соң қайтыс болды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тайваньдағы жансақтау бөлімінде жұмыс істейтін медбике Лин Тинг өзінің күнделікті өмірі мен кәсіби тәжірибесінен алынған оқиғаларды жиі бөліседі. Бұл жолы ол студенттің соңғы қысқы демалыстан кейін басынан өткен қайғылы оқиғаны айтып берді.
– Демалыстан кейін ол төрт күн, үш түн бойы демалмастан, ұйықтамастан ойын ойнаған. Қандай ойын соншалықты қызық болуы мүмкін? Анасының кеңесін де тыңдамаған ғой, – дейді медбике Лин.
Бір күні түнде студент дәретханаға барған кезде, отбасы кенеттен оның айғайлаған дауысын естіген.
Әйелдің айтуынша, студент есінен танып, көздері жоғары қарай айналып кеткен, оны дереу ауруханаға жеткізуге тура келген.
Линнің айтуынша, дәрігерлер студенттің ми артериясы жарылып, миына қан құйылған деп күдіктенген. Оған дереу операция жасалып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Бірнеше күннен кейін студенттің отбасы оның есін жимайтынын естіп, аппаратты өшіруді сұраған.
«Аппаратты өшіретін күні анасы… мұны қалай жеткізуге болар екен?» – дейді Лин, сөзін дұрыс жеткізе алмай қиналып. Лин видеоның соңында денсаулықтан маңызды ештеңе жоқ екенін еске салды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







