Саясаттанушы Уәлихан Төлешов қазіргі таңда тараған «халықаралық құқықтың уақыты өтті» деген пікірге салмақты көзқарас білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Оның айтуынша, әлемдік қауіпсіздік жүйесі терең дағдарысты бастан өткеріп отырғаны рас. Күш құқығының орнын құқық күші алмастырып жатқанын көпшілік байқап отыр.
Әлем аморальды емес, тек тұрақсыз кезеңге кірдік
Алайда бұл үдеріс кеше немесе бүгін басталған жоқ. Шамамен алпыс жыл бұрын Таяу Шығыста Израиль мемлекетінің құрылуынан кейінгі соғыстар кезінде басталған. Одан кейінгі Қырғи қабақ соғыс, Кеңес Одағының ыдырауы, Ауғанстан мен Шешенстандағы қақтығыстар кезінде жаңаша сипат алған. Ал Молдованың бір бөлігінің аннексиясы, Ресейдің Грузия мен Украинадағы соғыс кезінде бұл ушығып кеткен. БҰҰ Жарғысы қабылданғаннан бергі ондаған жыл ішінде халықаралық құқықтың сан мәрте бұзылғанын куә болдық.
Саясаттанушының пайымынша, бұл жағдай «моральдың соңы келді» дегенді білдірмейді және барлық агрессияны бір деңгейге қоюға негіз болмайды. Бір мемлекеттің ережені бұзуы екіншісіне сондай әрекетке баруға құқық бермейді.
Егер солай қабылдайтын болсақ, онда біз реализмге емес, кез келген зорлық-зомбылықты ақтайтын боламыз. Жалпыадамзаттық мораль құндылық ретінде құқықтық, саяси келісімдер бұзылған тұста жойылып кетпейді. Кей ережелер ескірген немесе тым абстрактілі көрінуі мүмкін. Олар жаңа прецеденттер арқылы түзетіледі. Мұндай прецеденттердің бірқатары бүгінгі таңда АҚШ тарапынан қалыптасып жатқаны белгілі.
Уәлихан Төлешовтің негізгі түйіні басқа. Оның пікірінше, адамзат «әркім өзі үшін» деген әлемде өмір сүріп жатқан жоқ. Қазіргі кезең ескі жүйе ыдырап, жаңасы әлі толық қалыптаспаған тектоникалық өтпелі кезең. Осындай жағдайда әскери тұрғыда ең мықтылар емес. Геосаяси жағдайға икемді одақтар құрып, стратегиялық автономиясын сақтайтын, бір ғана блокқа байланып қалмай, өз субъектілігін қорғай білетін мемлекеттер ұтатынын алға тартты.
Қазақстан үшін бұл бағыт милитаризацияны мақсатқа айналдыруды білдірмейді. Керісінше, өз қорғаныс және технологиялық әлеуетін дамыту, серіктестіктерді әртараптандыру, өңірлік қауіпсіздік форматтарына сүйену, саяси және экономикалық дербестікті күшейту маңызды.
Ал Тұран идеясына келсек, саясаттанушы оны ұзақ мерзімді өңірлік қауіпсіздіктің бір элементі ретінде қарастыруға болатынын айтады. Алайда ол «біреуге қарсы» бағытталған әскери блок түрінде емес, өркениеттік және стратегиялық ынтымақтастық кеңістігі ретінде дамуы тиіс екенін алға тартады. Тек қорқыныш пен қаруға негізделген одақтардың ғұмыры қысқа болатыны белгілі.
Қорытындысында Уәлихан Төлешов әлем аморальды болып кеткен жоқ деген ойды алға тартады. Әлем тұрақсыздық кезеңіне кірді. Осындай жағдайда күштіміз деп дауысы қатты шыққандар емес, қауіпсіздік, экономика және басқару жүйелерін бір мезетте қайта құра алатындар ұтатынын алға тартты.
Саясаттанушы Уәлихан Төлешов «Назарбаев Қазақстанға үшін Кремльдің психологиялық сенім буфері ретінде қызмет атқарады» деп ойын ортаға салған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

