Көпшілік тоңазытқыштың ішіндегі температура тұрақты деп ойлайды. Алайда техника да мінсіз емес, уақыт өте келе оның жұмысы әлсіреп, салқындатуы да өзгеруі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай өзгерісті көзбен немесе қолмен анықтау қиын. Тоңазытқыш ашылып тұрғанда бәрі дұрыс сияқты көрінгенімен, ішкі температура қауіпсіз деңгейден асып кетуі ықтимал. Ал бұл тағамдардың бұзылуына, тіпті денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайларға алып келеді.
Осы тәуекелді азайтудың ең қарапайым әрі тиімді жолы, тоңазытқыштың ішіне арнайы термометр орнату. Бұл құрал нақты температураны көрсетіп, құрылғының жұмысын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.
Техникалық ақаулардың түрі көп. Мысалы, компрессордың әлсіреуі, есіктің дұрыс жабылмауы немесе тығыздағыштың тозуы салдарынан салқындату режимі бұзылады. Мұндай ақаулар бірден байқалмайды, бірақ өнім сапасына әсер етеді.
Термометр қолдану осы мәселелерді ерте анықтауға көмектеседі. Әсіресе «ақылды» термометрлер тиімді. Олар температура күрт өзгерген жағдайда смартфонға хабарлама жіберіп, иесін дер кезінде ескертеді.
Мамандар тоңазытқыштағы қауіпсіз температураны 0–4 градус аралығында ұстауды ұсынады. Осы диапазон тағамдардың ұзақ сақталуына және бактериялардың көбеюін тежеуге мүмкіндік береді.
Қарапайым ғана құрал термометр, бірақ оның көмегімен тұрмыста жиі кездесетін үлкен проблеманың алдын алуға болады. Бұл тәсіл әсіресе балалар бар отбасылар мен азық-түлікті ұзақ сақтайтын адамдар үшін маңызды.
Автокөлік кілтінің сигналын күшейтудің қарапайым, бірақ таңғаларлық әдісі бар. Ол үшін кілтті басыңызға тигізіп, түймені бассаңыз жеткілікті. Иә, бұл әзіл немесе кездейсоқтық емес, ғылыми дәлелденген әдіс.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







