АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы пікірін кезекті ресми протокол шеңберінен асыпы, ілтипат білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Елшілердің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ильясовпен қысқа сөйлескен Трамп қараша айында Сопақ кабинетінде өткен кездесуді жылы естелік ретінде атаған.
Оның айтуынша, Тоқаев халықаралық үдерістерді терең түсінетін, салмақты әрі тәжірибелі мемлекет қайраткері. Мұндай баға дипломатиялық этикет үшін қалыпты көрінгенімен, астарында саяси салмақ бар.
Америкалық лидер Қазақстан басшысына жеке лебізін жеткізіп, құрметін нақты ишарамен бекіткен.
Трамп Тоқаевқа бірнеше сыйлық жолдаған. Соның ішінде символдық мәні басым «Ақ үй» дің кілті мен өз қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.
Ақ үйдің кілті ресми құжат емес, бірақ саяси тілде ол сенім мен ашық диалогтың белгісі ретінде қабылданады. Вашингтонда мұндай сый әркімге бұйыра бермейді.
Бұл қадам АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың қазіргі деңгейін аңғартады. Әңгіме жеке сыйлықта емес, сол сыйлықтың нені меңзеп тұрғанында.
Тоқаевтың халықаралық аренадағы байыпты позициясы, көпвекторлы саясатты ұстаммен жүргізуі ірі державалар тарапынан дәл осындай үнсіз, бірақ түсінікті белгілер арқылы бағаланып отыр. Мұнда артық пафос жоқ, бірақ салмақ жеткілікті.

