Трамптың соңғы мәлімдемелерінен Ақ үй қожайыны Иранға қатысты ақпараттық соғысты үдетіп, теокартиялық билік режиімінде алауызыдық туғызуға бет бұрғанын байқауға болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бастапқыда Трамп Иранға шабуыл жасауға 48 сағат уақыт белгілеп, кейін ол райынан қайтқан соң, көпшілік Трамп жеңілді деп ойлап қалды. Біреулер бұл соғыста Иран жеңіске жетті деп санаса, енді бірі АҚШ енді шегінді деген пікірді ұстанды.
Десекте Трамптың әрбір сөзіне емес, оның нақты әрекеттеріне мән беру керек. Бір күндегі Трамптың мәлімдемелері бір-біріне қарама-қайшы келуі мүмкін. Сол себепті оқиғаға кеңірек ауқымда, ұзақ мерзімдік тұрғыда қараған жөн.
Трамп журналистерге берген сұхбатында Иран билігінде маңызды өзгерістер болатынын, қазіргі уақытта Иранның беделді, ықпалды саясаткерлерімен келіссөздер жүріп жатқанын жеткізді. Алайда нақты кімдермен келіссөз жүріп жатқаны жөнінде ашық айтпады. Осылайша Трамп Иран билігі арасында алауыздық туғызуды көздеп отырғандай… Мұны Трамптың ақпараттық вирусы десек болады.
Ол мәлімдемелері арқылы Иранның саяси элитасы арасында бір-біріне деген сенімсіздік пен күмәнді күшейтуде. Осы арқылы АҚШ Иранның ішкі бірлігін әлсіретіп, режимнің ішінде талас-тартыс тудыруға тырысуда.
Осы мәлімдемелерден соң Иран парламентінің спикері Мұхаммад Бақер Қалибаф дереу мәлімдеме жасап, ешкіммен келіссөз жүргізбегенін айтты. Ол келіссөздер тек санкция алынып, келтірілген залал толық өтелген жағдайда ғана мүмкін болатынын атап өтті.
Ирандағы тағы бір ықпалды тұлға, бұрын Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) қолбасшысы болған Мохсен Резаи. Ол да келіссөздер болмайтынын ашық жеткізді. Дегенмен, дәл осы тұлғалармен АҚШ келіссөз жүргізуі мүмкін деген әңгімлер ақапарат құралдарында айтылып, жазылуда. Қалибаф пен Резаи қазіргі биліктің ықпалды өкілдерінің бірі. Бірақ екеуінің де Трамптың соққыларына дейін билікте аман-есен қалатынына кепілдік жоқ.
Сонымен қатар АҚШ тарапы келіссөздер үшін Пәкстанды алаң ретінде қарастыруда. Тіпті, Ираннан үкіметтік ұшақтың Пәкстанға аттанғаны туралы ақпарат тарады. Бірақ Иран тарапынан кімнің аттанғаны белгісіз. Бұл да Трамптың ақпараттық ойынының бір бөлігі болуы мүмкін.
Бір қызығы, АҚШ ақпарат құралдарында соғыс 9 сәуір күні аяқталады деген мәлімет шықты. Бұл дата ешқандай маңызды оқиғамен байланыстырылмаған, яғни кездейсоқ таңдалған болуы мүмкін. Дегенмен бұл да Иранға психологиялық қысым жасау мақсатында таратылған ақпарат болуы ықтимал.
Қорыта айтқанда, Трамптың мәлімдемелері мен әрекеттері Иранның ішкі саясатына ықпал етуді көздейтін стратегиялық ақпараттық кампанияның бір бөлігі болуы мүмкін. Трамп ашық соғыспен қатар ақпараттық соғысты да жүргізуде. Сондықтан Иран билігінің жағдайы күн санап күрделене түсетіні анық.
Осыдан біршама уақыт бұрын АҚШ ұлттық барлау қызметінің басшысы Тулси Габбард Иранның жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеидің Израиль әуе соққылары кезінде ауыр жарақат алғанын мәлімдеген болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







