Доналд Трамп Венесуела президенті Николас Мадуроны тақтан тайдырып, өтпелі кезеңде елдегі билікті өз қолына алатынын жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Флорида штатында өткен баспасөз мәслихатында Дөкең АҚШ-тың Венесуеланы толық бақылауға алғанын, «қауіпсіз әрі ақылға қонымды билік транзиті жүзеге асқанша» елді өзі басқаратынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Әмірика Венесуела халқын «бай, қауіпсіз әрі шын мәнінде тәуелсіз етуге» уәде береді.
Трамп Николас Мадуроны «билікті заңсыз басып алған диктатор» деп атап, оны «Күн картелі» (Cartel de los Soles) дейтін есірткі ұйымын басқарды деп айыптады. Ақ үй қараша айында аталған ұйымды ресми түрде террористік топтың қатарына қосқан. Уашингтонның пікірінше, дәл осы ұйым ел аумағына үйіп-төгіп есірткі тасымалдаған.
Мадуро әлгі айыптауды теріске шығарып, «Күн картелі» деп аталатын ұйым атымен жоқ екенін, Трамп мұны Венесуелаға басып кіру үшін желеу етіп отырғанын хабарлаған.
Контекст
Еске сала кетсек, күні кеше Венесуеланың бірнеше штатында жойқын жарылыс болды. Жергілікті уақытпен түнгі екіде тасталған бомбылардың саны кем жетеуден кем болмапты.
Салдарынан Мадуроға адалған қызмет еткен әскерилер мен бейбіт тұрғындар (шамамен 40 шақты адам) қаза тапқан.
Осы оқиғадан кейін Мадуро елде төтенше жағдай енгізген еді. Алайда көп ұзамай Трамптың арнайы жасағы президенттің қолын қайырып, жұбайымен бірге АҚШ-қа алып кеткені белгілі болды. Қазіргі уақытта Мадуро Нью-Йорктегі тергеу изоляторында жатыр. Әмірика заңы бойынша, ол есірткі саудасына қатысы бар деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мадуроны төсегінде жатқан жерінде сирағынан суырып алған Трамптың операциясы туралы біз бұған дейін талдап жазғанбыз.

