Түркістан облыстық прокуратура мен Полиция департаменті халықты интернет алаяқтықтан қорғап, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту үшін профилактикалық шара ұйымдастырды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері халық көп жиналатын жерлерге арнайы барып, тұрғындарға интернет алаяқтардың жиі қолданатын айла-амалдарын түсіндіріп, сақтық шараларын үйретті.
Сонымен қатар дүкендер, сауда орындары, көп қабатты үйлердің кіреберістері, аялдамалар мен банк ғимараттарына алаяқтық туралы ескертетін ақпараттық парақшалар ілінді.
Жалпы, аталған іс-шаралар интернеттегі алаяқтық фактілерінің алдын алуға, тұрғындардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Құқық қорғау органдары мұндай профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырмақ.
Түркістан облысы еліміздегі аграрлық саланың негізгі орталығы ретінде су ресурстарын тиімді пайдалануға ерекше назар аударып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

