Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Нұралы Әлмаханұлы Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орналасқан №133 дауыс беру учаскесінде азаматтық ұстанымын білдірді.
– Бүгінгі референдум қарапайым дауыс беру ғана емес, еліміздің ертеңіне, ұрпақ болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Бұл шара мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын маңызды тарихи оқиға. Дауыс беру учаскесіне келген халықтың көптігі елдің болашаққа деген зор сенімін аңғартады. Ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытып жатқан барша жерлестерімізге алғысым шексіз, – деді Нұралы Әбішов.
Айта кетейік, бүгін Түркістан облысы бойынша таңғы сағат 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста дауыс беру құқығына ие 1 миллион 187 мың 257 азамат тіркелген. Қазіргі таңда тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысуда.
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







