Түркістан қаласындағы №881 референдум учаскесінде 18 жасқа толған жас сайлаушы алғаш рет дауыс беріп, азаматтық ұстанымын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл – жас азаматтың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға алғаш рет қатысуы. Сонымен қатар Келес ауданындағы №324 референдум учаскесінде де 18 жастағы азамат дауыс беріп, өзінің алғашқы саяси таңдауын жасады.
Жалпы, биылғы референдумның бір ерекшелігі – саяси науқанға алғаш рет қатысатын жастардың санының көптігі. Түркістан облысы бойынша жалпы 37 796 жас азамат тұңғыш рет дауыс беруге мүмкіндік алды. Сонымен бірге, дәл 15 наурыз күні 135 жас азамат кәмелеттік жасқа толып, өз таңдауын жасау құқығына ие болып отыр.
Бақылаушылардың айтуынша, алғаш рет дауыс беріп жатқан жастардың белсенділігі жоғары. Бұл – жас буынның елдің қоғамдық-саяси өміріне немқұрайлы қарамайтынын және азаматтық жауапкершілігінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Жас азаматтардың референдумға қатысуы олардың ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге атсалысуға дайын екенін байқатады. Мұндай қоғамдық-саяси шаралар жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, олардың қоғам өміріндегі белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







